Home Жаңалықтар Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошуннан күдік алып тасталды – Ел жаңалықтары

Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошуннан күдік алып тасталды – Ел жаңалықтары

39

Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошуннан пара алды деген күдік алып тасталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Ақ жол» партиясының сайтында Бас прокуратураның Азат Перуашевтың депутаттық сауалына берген жауабы жарияланды. 

Құжатта 2018 жылдың 19 мамырынан бастап Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Д. Ахмедьяровтың өтініші бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Хорошунға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілгені айтылады.

«Өтініш берушінің болжамына сәйкес, 2014 жылдан 2015 жылға дейін ол қарамағындағы Кинсенбаев арқылы Хорошунның талап етуіне байланысты Астана әкімдігі қызметкері Алпысовадан 500 мың доллар беріп жіберген және «Зере» тұрғын үй кешенінде Алпысованың туыстарына екі пәтер рәсімдеген. Алайда сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында бұл деректер расталмады. Жауап алынғандар пара беру және алу фактілерін жоққа шығарды. Басқа да объектив дәлелдер алынбаған. Сондықтан 9 желтоқсанда Сергей Хорошунның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық өндіріс тоқтатылды», – делінген Бас прокуратураның жауабында.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚатерлі ісіктен айығып, 11 баланы тәрбиелеп шыққан: Ақтөбелік 90 жастағы қария құпиясын бөлісті – Бір үзік
Келесі жазбаЖОҒАЛҒАН БУЫН ЕЛ БИЗНЕСІНІҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛДЫ