Home Жаңалықтар Арысты қалпына келтіру жұмыстары 99 пайызға аяқталды

Арысты қалпына келтіру жұмыстары 99 пайызға аяқталды

37

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Арысты қалпына келтіру жұмыстары 99 пайызға аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арысты қалпына келтіру жұмысы 99 пайызға аяқталды. Орасан зор еңбек атқарылды. Арысты қалпына келтіру жұмысын үлкен әрі теңдессіз ерлікке теңер едім. Бар-жоғы үш айдың ішінде қала толығымен қалпына келтірілді. Елбасы мен Президент жұмысты жедел әрі сапалы түрде жүргізуді тапсырды. Премьер-Министр қалпына келтіріліп жатқан орындарды алты немесе жеті рет келіп аралап кетті, құрылыс барысын бақылап, тұрғындармен кездесті. Бизнесмендер өз қаржысымен тұтас нысандарды көтерді. Елдің түкпір-түкпірінен келген волонтерлар құрылыс нысандарында еңбек етті. Әскерилер, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар – ешкім шетте қалған жоқ. Қала бұрынғыдан да көркейе түсті. Бұның бәрі де түсіністік болса, кез келген қиындықты еңсеруге болатынын көрсетеді», – деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында. Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең  жарылыс болды. Кейін зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды.

inform.kz

Алдыңғы жазбаАбай мен әл-Фараби және ҚХА мерейтойына 3,8 миллиард теңге жұмсалады
Келесі жазбаҰлттық қоғамдық сенім кеңесі – біртұтас ұлттың бәтуәлі сөзін сөйлейді