Home Жаңалықтар Алматыда баланы қаққан Mazda-626 жүргізушісі қашып кетті

Алматыда баланы қаққан Mazda-626 жүргізушісі қашып кетті

64

Алматыдағы Нижняя Пятилетка ауданындағы Клара Цеткин көшесінде көлік жүргізушісі бала қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Куәгерлер көргендей, Mazda-626 жүргізушісі көшеде келе жатып, жолда ойнап жүрген баланы қағып кетті.

Жүргізуші тоқтамастан келесі көшеге бұрылып кетті, содан тағы 200 метрдей жер жүрген соң көлігін сол жерге тастап, жаяу қашып кетіпті.

Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер қашқын-жүргізушіні іздестіруге кірісті.

Алдыңғы жазбаДимаш Құдайберген Тоқаев пен Мирзиёевпен кездесті
Келесі жазба17 сәуірге арналған ауа-райы болжамы