Home Жаңалықтар Арман Оспанов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды – Спорт

Арман Оспанов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды – Спорт

45

Қазақстандық файтер Арман «Сұңқар» Оспанов 27 сәуірде Мәскеуде өтетін АСА 95 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы турнирдің Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды, – деп жазады Vesti.kz.

Оспанов бұл турнирде германиялық Лос-Али Экскиевпен жұдырықтасады. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Лос-Алидің ұлты – шешен, бірақ немістің Дюссельдорф қаласына қоныс аударған. Жекпе-жектерде «Арыстан» деген лақап атпен өнер көрсетеді. Бұған дейін аралас жекпе-жекте 20 рет кездесуге шығып, оның 15-ін жеңіспен аяқтаған. 4 рет қарсыласына жол берсе, бір жекпе-жекnt тең түсті.

Экскиевтің танымалдығы 2013 жылы артқан. Сол жылы ол RNC-Martial Arts Gala турнирінде Вугар Бахшиевпен кездесіп, оны 13 секундта жеңген болатын.

Еске салайық, Арман Оспановтың соңғы жекпе-жегі 2017 жылы желтоқсанда өткен еді. Сол кездесуінде ресейлік Александр Полпудниковпен кездесуіп, ұпай санымен жеңілді. Артынша, «Сұңқар» жарақат алып, ұзақ уақыт бойы жекпе-жектерге шыққан жоқ. 2018 жылы файтер бірнеше рет жекпе-жек өткізуді жоспарлаған, бірақ ешқайсысы да түрлі себеппен өтпей қалды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаПавлодарда тұрғын үйде жарылыс болды: Ер адам қаза тапты – Тосын жай
Келесі жазбаАсылжан Мамытбеков қызметінен босатылды – Ел жаңалықтары