Home Жаңалықтар Қуат Хамитов Fight Nights Global чемпиондық белбеуіне таласады

Қуат Хамитов Fight Nights Global чемпиондық белбеуіне таласады

37

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов пен әзірбайжандық Нариман Аббасов арасындағы қарымта кездесу қыркүйекте Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта бос болған Fight Nights Global ресейлік промоушенінің чемпиондық белбеуі үшін алғашқы кездесу 27 сәуір Мәскеу маңындағы Мытищи қаласында өткен. Бұл жекпе-жекте Хамитов төрешілер шешімімен жеңілді. Осыдан кейін апелляция берді. Қуат иық жарақатының жазылмағанына байланысты жеңілгенін мәлімдеді, алайда, қарсыласы бұған күлген еді. Хамитов үшін бұл жекпе-жек 17 ай үзілістен кейін алғашқысы болды. Аббасовқа дейін ол 2017 жылы қарашада жұдырықтасқан. Sherdog статистикасы бойынша, 31 жастағы Хамитовте 19 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең түскен жекпе-жек бар. Соңғысы FNG белбеуін жеңіп алудың екінші мүмкіндігі болатын – 2017 жылы сәуірде қазақстандық ресейлік Магомедсайгид Алибековтен (10-1) төрешілер шешімімен жеңілген.

Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады
Келесі жазбаЕрдоған мен Путин Сириядағы соғысты талқыламақ