Home Жаңалықтар АҚШ Ресейге салынған санкцияның уақытын созды

АҚШ Ресейге салынған санкцияның уақытын созды

65

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге салынған санкцияларды тағы бір жылға ұзартты.

5 наурызда Ақ үй сайтында жариялаған құжатта «ресейлік саяси тұлғалардың Украинадағы әрекеті әлемдегі жағдайдың тұрақтылығына, елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Бұл АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне және сыртқы саясатына да қауіпті» деп жазылған. ​

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап соң Вашингтон Мәскеуге санкция салған. Биыл ақпан айының соңында АҚШ Ресейге қарсы санкциялар туралы жаңа заң жобасын жариялаған.

Алдыңғы жазбаРесей зымыран келісімін орындауды тоқтатты
Келесі жазбаҚырғыздар Ақ қалпақ күнін атап өтті