Home Жаңалықтар «Канело» көнбесе, Головкин ешкім күтпеген боксшымен айқасады

«Канело» көнбесе, Головкин ешкім күтпеген боксшымен айқасады

30

Boxingnews24.com сайтының сарапшыларының бірі Тим Ройнердің пікірінше, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы да жұрт танымайтын боксшы болуы мүмкін, деп жазады Sports.kz.

Ройнердің айтуынша, егер «Канеломен» қыркүйекте болуы тиіс үшінші жекпе-жекті ұйымдастырудың сәті түспесе, Головкин польшалық Еуропа чемпионы Камиль Шереметамен айқасуы мүмкін. «Стив Роллспен өткен жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин қыркүйекте «Канеломен» айқас өткізудің сәті түспесе, орта салмақта жеңіліп көрмеген боксшымен кездескісі келетінін жеткізді. Яғни, GGG WBC рейтингінде үшінші сатыда тұрған Камиль Шереметамен айқасуы мүмкін. Ол 8 маусымдағы жекпе-жекке үміткерлердің бірі болды. Әрине, Камиль «Канеломен» үшінші жекпе-жекке апарар жол емес, бірақ осы арқылы DAZN мексикалық жұлдызды Головкинмен кездесуге итермелеуі мүмкін», – делінген материалда.

inform.kz

 

Алдыңғы жазбаБҒМ: Оқу ақысы қымбаттады деген ақпарат жалған
Келесі жазбаСыры жұмбақ мекендер…