Ақкенттегі алапат өрттен кейін көпқабатты үйлердің тұрғындарына кеңес: үйіңіздің қауіпсіздік жүйелерін шұғыл тексеріңіздер!
Бұл туралы кәсіпкер Марат Баққұлов жазады – айта кетелійк, ол өрт кезінде маңызды болып табылатын желдету жүйелерін де шығарады. Сөзбе-сөз:
«Өкінішті, иманды болсын.
Әрине, тергеу өз қорытындысын береді, бірақ… Өрт сөндіру техникасы туралы түсінігі бар адам ретінде өз пікіріммен бөлісіп, кеңес бергім келеді.
Өрт болған жағдайда баспалдақ алаңындағы түтін шығару жүйесі және түтінсіз баспалдақтарға қарай қысу жүйесі жұмыс істеуі керек еді.
Бұл адамдар терезеден секіруге мәжбүр болмай, пәтерлерінен шыға алулары үшін жасалған. Екіншіден, бұл өрт сөндірушілерге өртті өшіру үшін де қажет.
Тоғыз қабаттан жоғары тұрғын үйлерде түтін шығару – бұл міндетті түрде болуы керек жүйе болып табылады. Құтқару баспалдақтары 27 м-ден аспайды деп есептеледі. Асқан күнде де олар барлығына жетпейді.
Сондықтан сұрақ: ол жұмыс істеді ме? Ғимарат 2011 жылы салынған болуы керек.
Ондағы құрылғының тұрғанына 10 жылдан асады. Ал, айталық, түтін шығаратын желдеткіштердің қызмет ету мерзімі – 10 жыл.
Демек, оны ауыстыру керек еді. Зауытқа түскен мұндай сұратымдар және ауыстыру үшін құрылғылар сатылғаны есімде жоқ.
Сонымен қатар, әр жыл, тіпті жарты жыл сайын бұл жүйелерді тексеріп отыру керек. Тестілеу қажет. Нәтижесінде жөндеу жұмыстары немесе ауыстыру керек.
Құрылыс кезінде ақша үнемдеу мақсатында нақнұсқа қоятындар болады.
Тексеріс мұның барлығын ашар еді.
Ал енді басты сұрақ, жоғарыда айтылғандардың барлығына енді кім жауапты? ММИБ, ПИК төрағасы, яғни тұрғындардың өздері ме, әлде осы тұрғын үйлерді тексеретін немесе бақылауы керек (немесе керек емес) өрт сөндіру бөлімі ме?
Бірақ көпқабатты үйлерде тұратындарға кеңес: лифттер бойынша, сондай-ақ өрт кезінде құтқару жүйелерінің жұмысына қатысты бұл сұрақтарды бірден өз ПИК-на, ММИБ-не қойған дұрыс. Әйтпесе, өздеріңізге де секіруге тура келеді. Құдай сақтасын.