Home Жаңалықтар Алматылық сейсмологтар бір сағатта үш жер сілкінісін тіркеді

Алматылық сейсмологтар бір сағатта үш жер сілкінісін тіркеді

79
Сейсмикалық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мамандары бір сағат ішінде Алматы маңында үш рет жер сілкінісін тіркеді.

26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:14-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.2.
  • MPV магнитудасы: 4,5.
  • Тереңдігі: 5 км.
  • Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында сезілген жоқ.

26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:55-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 11.3.
  • MPV магнитудасы: 5.0.
  • Тереңдігі: 10 км.
  • Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында сезілген жоқ.

26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08:26-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.9.
  • MPV магнитудасы: 4,7.
  • Тереңдігі: 5 км.
  • Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында сезілген жоқ.

26 қаңтарға қараған түні сағат екілер шамасында алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сейсмологтар діріл Талғар мен Алматыда 2 баллдық күшпен сезілгенін хабарлады.

Алдыңғы жазбаАлматыда Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды
Келесі жазбаҚазақ тілі бостандыққа шықты десек те болады!