Home Жаңалықтар Алматыдағы Барахолкада павильон өртенді

Алматыдағы Барахолкада павильон өртенді

34

Алматыда «Кенжехан» базарында өрт болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап. Өрт туралы хабарлама 21 қыркүйекте сағат 23.53-те келіп түсті.

Өрт сөндіру күштері мен құралдары № 2 жоғары деңгейлі шақырту бойынша жіберілді. «Алғашқы бөлімшелер алты минутта жетті. Оқиға болған жерге келгенде 15 шаршы метр алаңда ұялы телефондарға арналған аксессуарлары бар бір қабатты павильонның жанып жатқанын көрген, жанындағы контейнерлерге өрт тарап кету қаупі болған. ​ Адамдардың болуына барлау жүргізілді, қорғауға екі «Б» оқпан берілді, жақын жердегі өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылды», – делінген хабарламада. Өрт 00.09-де оқшауланып, 00.22-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТоқаев іссапармен Нью-Йоркке бармақ
Келесі жазбаІІМ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингке қатысты мәлімдеме жасады