Home Жаңалықтар Алматыда жыл басынан бері 6 адамнан менингококк инфекциясы анықталған

Алматыда жыл басынан бері 6 адамнан менингококк инфекциясы анықталған

281

Алматыда жыл басынан бері 6 адамнан менингококк инфекциясы анықталған, — деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы ретте санитарлық дәрігерлер дене бөртіп, қатты бас ауруы, дене қызуы байқалған жағдайда бірден дәрігерлерге жүгінуге шақырады. Себебі менингококк аз уақыт ішінде-ақ асқынып, тіпті өлімге апарып та соғуы мүмкін дейді олар.

«Менингококкты тек науқас емес, тасымалдаушы адам да жұқтыруы мүмкін. Биыл біз осы инфекцияның алдын алу мақсатында 2 235 адамды өз еріктері бойынша тексердік. Нәтижесінде 6 адамның тасымалдаушы екені анықталып, барлығы оқшауланып, емделді», — дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Менингококк инфекциясы — жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады — таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі — ауру адамдар және дені сау таратушылар.

 

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаПутин Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Келесі жазбаҚазір билік белгілі бір дәрежеде либерилизацияға барып жатқаны анық – Айдос Сарым