Алматыда жолаушылары бар автобус жүріп келе жатып өртенді. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Пікірлердің арасында, өрт сағат 19.26-да Абай мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында болғаны жазылған. Ал видео кадрларында өртеніп жатқан автобустан жолаушылар жүгіріп шығып жатқаны көрінеді. Алматы әкімдігінің ресми өкілі Тимур Базарбаев оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатқанын хабарлады. «Кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – деді ол.
Kaz.tengrinews.kz