Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:
жеке куәлік – 505 теңге;
паспорт – 20 200 теңге;
Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз.
– жүргізуші куәлігі – 3150 теңге;
– көлік құралын тіркеу туралы куәлік – 20200 теңге;
– туу туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге;
– неке қию туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz