Home Жаңалықтар Алматыда қарттарға ақша мен азық-түлік тарататын блогер пайда болды – Ғаламтор

Алматыда қарттарға ақша мен азық-түлік тарататын блогер пайда болды – Ғаламтор

68

YouTube хостингіндегі Благородный арнасының авторы көмекке мұқтаж қарттар мен көпбалалы отбасыларға ақша таратады, азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе басқа да тауарлар сатып алып береді. Сондай-ақ, ол көшеде сауда жасап тұратын әжелердің өнімін сатып алады, қарттар үйіне де барады.

Видеоға қарағанда, Станислав есімді ер адам қайырымдылығы үшін орнына ештеңе сұрамайды. Роликтердің көбі  Алматыда түсірілген. Ал зейнеткерлер сыйлық берген кезде көз жасын тыя алмай жатады. 

Блогердің айтуынша, игі істерге ол негізінен өз ақшасын жұмсайды. 350 мыңнан аса көрермені бар арна аз пайда әкеледі екен. Қанша екенін блогер жеке видеода айтып береді. 

«Арна адамдарға көмек көрсету үшін құрылған. Мен мұндаймен бұрыннан айналысамын, бірақ оны видеоға түсірмедім. Үш балам бар. Ұрпақтарым әкесінен үлгі алсын деймін. Сондай-ақ, әлемде жақсылық бар дегенді сөзбен емес, іспен дәлелдегім келеді», – дейді ол.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАтырау әкімінің орынбасары тағайындалды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаТемір балқыту цехін ашқан кәсіпкер Қызылорда облысының билігіне шағымданды – Ел жаңалықтары