Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.
«23.14-де Алматы ТЖД «101» пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Куәгерлер жолдаған сурет Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген. Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.
Kaz.tengrinews.kz