Home Жаңалықтар Қазақстанда үлкен жүк көліктеріне жүруге шектеу қойылады – Ел жаңалықтары

Қазақстанда үлкен жүк көліктеріне жүруге шектеу қойылады – Ел жаңалықтары

43

Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында сегіз тоннадан асатын жүк көліктеріне республикалық маңызы бар  автомобиль жолдарында жүруге тыйым салынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.

1 наурыздан 1 сәуірге дейін мұндай тыйым Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарына енгізілді.

Бұл шектеудің жолаушы және халықаралық деңгейде жүк тасымалдайтын көліктерге қатысы жоқ. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізетін немесе зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, сондай-ақ тамақ өнімдерін, жолаушылар мен жүк, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын немесе қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған көлік құралдарына тыйым салынбайды.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүру үшін жүргізушілер көлігі рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен жағдайда арнайы рұқсат алу керек.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЖаңа Зеландияда болған шабуылда ұсталған төртінші адам босатылды – Жаһан
Келесі жазбаДанияр Елеусіновтің бапкері оны дарынды боксшы деп атады – Бокс