Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында танымал қазақстандық боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың жоғалып кеткені туралы жазба жариялады,, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қоғам» жасағының еріктілері жариялаған жазбаға сәйкес, Алматыда 14 желтоқсанда 64 жастағы ер адам жоғалып кеткен.
«Нұрқазов Серік, 10.04.1959 жылы туған. 14 желтоқсанда Луганского көшесі мекенжайындағы үйден белгісіз бағытта шығып кеткен, бүгінгі күнге дейін оның қайда екені белгісіз.
Киім: сұр қалпақ, капюшоны бар көк күрте, ақ водолазка, қара джинсы шалбар.
Жоғалған адам туралы мәлімет білетіндер +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almatу-ға хабарласу сұралады», – делінген жазбада.