Home Жаңалықтар Қыздықсыз күйеуге шығу қиын екен

Қыздықсыз күйеуге шығу қиын екен

47

Кеше әлеуметтік желілерді ақтарып отырып, мына бір қыздың жазбасына кез болдым. Оқып шықтымда ойланып қалдым. Сосын бәлкім өзге қыздарға сабақ болар деп, осында жолдап отырмын. Оқып көріңдер. Бәлкім керектеріңе жарар. Жазба былайша сыр шертеді:

«Он жыл оттасқан күйеуім ажырасқалы жатыр. Неге дейсіз ғой. Айтар себебі үлкен. Былайша айтқанда ол маған үйленгенде мен қыз болмай шығыппын. Жарайды солай-ақ болсын. Неге сонда он жыл бойы үндемей, бәрін білседе бетіме шіркеу етіп баспай келді. Енді аяқ асты, «сен қыз болмай келгенсің. Қыздығыңды қайдағы бір шет елдік алды» деп ит жылғы өтіп кеткен дауды көтеріп әлек. Әлде біреу әдейі шағыстырып отыр ма? Бәлкім қыздығы бар қыз тауып, басын сол дуалап жүр ме? Мені қойшы ажырасқан күннің өзінде өлмеспін. Тесік моншақ жерде қалмас. Бірақ бір шаңырақтың астында он жыл тұрғанда дүниеге келген қос бүлдіршінімізге обал емес пе? Олар әкесіз қалай өседі? Мен қинайтыны сол. Несін жасырайын мен Ермаханға тиерде, бар шындықты жасырмай бетіне айтқанмын. Өйткені кейін «бұл қалай?» деген түсіністік тумас үшін. Оңтүстік жақтың қызымын. Ауылда өстім. Неге екені қайдам, үнді киноларын жақсы көрдім. Сол киноларда ойнайтын үндінің сұлу жігіттеріне ғашық болып өстім. Сүйтіп жүріп бойжеттім. Мектеп бітіріп, жолым болып Алматыдағы мед академияға түстім. Мұнда индус яғкни Үндістаннан келіп оқып жатқан үндінің жігіттері көп екен. біреуіне ғашық болып қалдым. Ол менің өзіне жиі көз тастайтынымды байқап қалса керек. Бірде тікке келіп танысты. Сүйтіп екеуіміз махаббат құрдық. Өте білімді, ақылды жігіт еді. Өзі әрі көрікті. Атақты үнді актері Амитабах Башаннан аумайтын. Бірде достары жатақханда жоқ кезде бөлмесіне шақырды. Бардым. Құшақтастық сүйістік. Сол күні ол менің етегімді көтерді. Қысқасы қыздығымды алды. Мен оған қарсы болмадым. Қайта сондай сұлу, ақылды, білімді жігіт тапқаныма қуандым. Екеуіміз үйленеміз деп шештік. Сүйтіп өмір өтіп жатты. Бірінші крусты бітірдім. Ол үшінші курсты. Жазғы каникулда ол еліне қайтты. Келген соң үйленімін, ата-анамнан рұқсат алып келемін деп кеткен. Өкінішке орай оның айтқаны болмады. Елінде жүргенде жол апатына түсіп қайтыс болған екен. Бұл маған ауыр тиді. Бірақ жазмышқа озмыш бар ма? Шет елдік болсада сүйгенім еді. Кейін жоғарғы курсқа келгенде осы Ермаханды жолықтырдым. Ол мені, мен оны ұнаттым. Кейін алғаш төсекте болған кезде басымнан өткен жағдайды, яғни бұрын жігітім болғанын, пәктігімді соған сыйлағанымды айттым. Ол дәл сол кезде түсіністікпен қараған. «Ол өткен өмір ғой. Оны қазбалап қайтемін. Қазір мен сені сүйемін, сен мені. Бұдан артық не керек?» деп қоя салған. Түсінігі мол жігіт тапқаныма қуанған едім, сол сәттте. Үйлендік. Бірінен кейін бірі екі баламыз дүниеге келді. Тату-тәтті өмір сүріп жаттық. Арада жылжып он жыл өтті. Енді келіп, «сен маған қыз болып келген жоқсың. Сенімен өмір сүрмеймін. Ажырасамын. Үйді босат» деп айқайлайтын болды. Үйді ол өз қаражатына алған. Кейде ішіп, қызып келген кезде жұдырық ала жүгіретінді шығарды. Мен оған қарсы дау айта алмаймын.

Рас, оған тигенде қыздығым болмады. Оны өзіне айтқанмын. «Қойсашы Ермахан ол өткен өмір ғой. Саған тигелі, көңіліңе күдік келтірдім бе? Көзіңе шөп салдым ба? Анау досың Шалқардың әйелі оның көзіне екі күннің бірінде шөп салсада, қыңқ етпей өмір сүріп жатыр ғой. Ал сен қайдағы ит жылғы жүниені қоздатасың» деп жалынып айтып көрдім. Болмайды. Соған қарағанда күйеуім қыздығы бар, пәк қыз тапқан секілді. Өйткені бір ай бұрын қыз-қырқын молдау жұмыс істейтін бір компанияға директор болып барған. Сол жерден біреуді тапта ма екен? Білмеймін. «Бір күнгі ұрыс, отбасының қырық күнгі берекесін алады» дегендей, қазір үйде жиі жанжал болатын болды. Шаршадым. Ермахан болса «балаларыңды алда кет. Үйді босат» деуден танбады. Не істерімді білмей жүрмін. Баяғыда қателік жасаппын. Өзім дәрігер болып жүріп, қыздық тіктіріп алып, түк болмағандай «мен қызбын» деп тие салуым керек еді. Қайдан білейін, аңқаулығым ба, әлде адамды алдап, өтірік айтып көрмегендік пе, бар сырымды ақтарып тастап, енді опық жеп жүрмін. Кетейін десем, Ермаханды жақсы көремін. Қайлай десеңде балаларымның әкесі ғой. Тіпті «балаларымыз үшін бәрін ұмытшы. Шаңырақты құлатпайықшы» десем де болмайды. Шамасы меніде, қос баласында қиналмай айырбастайтын біреу тапқан сияқты. Енді қос құлынымды жетектеп, бұл үйден кетуге тура келіп тұр. Мұны неге жазып отырмын. Қазір ойнақтап жүріп от басып, қыздығын кім-көрінгенге алдырып жүрген қыздар көп. Солардың талайы баяға тиіп артынша ажырасып жатады. Оның басты себебі, жігіт үшін қыздың пәк болып келмегендігінде. Сондықтан қыздарға айтар ақыл-кеңесім, байқамай пәктігіңнен айырылып қалсаң, тұрмысқа шығар кезде кейін мен секілді күйеуің «қыз емессің» деп айтып, бетіңе шіркеу етпес үшін, қыздық тіктіріп алғандарың жөн. Өйткені «қыз емес едің» деген үлкен даудан сонда ғана құтыласыңдар дегім келеді. Күлпаш. К».

Көшіріп алып, жолдап отырған Жадыра.

 

Алдыңғы жазбаАлматыда «Олимп» букмекерлік кеңсесінің жұмысы тоқтатылды – ҰҚК
Келесі жазбаАлматы – Өскемен тасжолында алты автокөлік соқтығысты