Home Жаңалықтар Алматы әкімдігі қосалқы станция салу үшін жер телімдерін алып жатыр – Ел...

Алматы әкімдігі қосалқы станция салу үшін жер телімдерін алып жатыр – Ел жаңалықтары

91

Алматы әкімдігі қосалқы станция салу үшін жер телімдерін алып жатыр. Тиісті қаулы «Вечерний Алматы» газетінің сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала әкімдігіндегілер Түркісіб ауданындағы «Қайрат» шағын ауданында «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысы үшін Star Land ЖШС-ға тиесілі жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулы шығарды. 

Бұл процесті 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Барлық сұрақ бойынша алынатын жердің иелері Алматы қаласы жер қатынастары басқармасына Төле би көшесі, 155, 514 бөлме мекен-жайы бойынша бара алады. 

Басылымда аталған басқарма өкілдері меншік иелерін хабардар етуге және заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге, мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін аумақтарды қаржы басқармасының балансына беруге міндетті екенін атап көрсетеді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады – Тосын жай
Келесі жазбаТосын Тоқаш әулие Әбеңді қалай картаға ұтқызды?