Home Жаңалықтар ШҚО автожолдары Мемлекет басшысының бақылауында болады

ШҚО автожолдары Мемлекет басшысының бақылауында болады

31

Шығыс Қазақстан облысындағы жол мәселесі тікелей Мемлекет басшысының бақылауында болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына сапары барысында жергілікті автожолдардың сапасының сын көтермейтінін және Алакөлдегі туристік сервисті жақсарту туралы айтқан еді. Осыған орай, Үкіметке және екі өңірдің әкімдеріне қысқа мерзімде кешенді шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Құзырлы мекемелер Президенттің осы сындарынан қорытынды шығарады деп ойлаймыз. Бұл Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», – деп жазды Берік Уәли.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз
Алдыңғы жазбаИталияда жүздеген үй 1 еуродан сатылып жатыр
Келесі жазбаБас прокуратура қазақстандықтарды арандап қалмауға шақырды