Home Жаңалықтар Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайды

Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайды

32

Жаз айларында қосымша пойыздар қатынайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтсақ: – «Алматы -Орал»  бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта – Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады. Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ-ы  Шығыс Қазақстан облысы ікімдігімен  біріге отырып,  жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды  іске қосады. Олар: – №457/458  «Семей-Достық»  бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап    тамыздың 31-не дейін  күн ара жүреді. Жолдағы жүру  уақыты 17 сағат 13 минут.  – №459/460  «Өскемен-1 – Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1- ші жұлдызынан бастап 31-ші тамызға дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 18 сағат 57 минут.

 

Алдыңғы жазбаҰБТ-ға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды
Келесі жазбаАҚШ соты Қазақстанға қарсы 180 млн доллардың арызын қабылдамады