Home Жаңалықтар Айсұлтан Сеитов АҚШ-та 21 Savage және J. Cole үшін бейнебаян түсірді –...

Айсұлтан Сеитов АҚШ-та 21 Savage және J. Cole үшін бейнебаян түсірді – Шоу-бизнес

41

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов хип-хоп орындаушы 21 Savage-дың жаңа альбомындағы әнге бейнебаян түсірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түсірілім 2019 жылдың қаңтарында Атлантада өтті. Оған 21 Savage және рэпер J.Cole қатысты, олар бірге А lot трегін орындайды.

Бейнебаянда салтанатты кешкі ас пен ондағы қатысушылардың өміріндегі қиын сәттерден «флэшбэк» көрсетіледі.

Айта кетейік, 21 Savage (Шайа Бен Авраам-Джозеф) қазіргі заманғы хип-хоп сахнасының ең жарқын өкілдерінің бірі саналады.

Айсұлтан Сеитов Jah Khalib, Noize MC, Иван Дорн, сондай-ақ, бірқатар шетелдік және қазақстандық музыканттарға жасаған жұмыстарымен танымал.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыдағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірді – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаКатар құрамасы футболдан Азия Кубогында алғаш жеңіске жетті – Футбол