Home Жаңалықтар Адамды көрге сүйреп әлекпіз

Адамды көрге сүйреп әлекпіз

45

Сәвет Одағы кезінде адамның биологиялық мүмкіндігін зерттеп барып пенсияға шығатын жасты анықтаған. Әйел адам 50 жастан кейін, еркектер 60- тан асқанда жыныстық гормон бөлуді біртіндеп тоқтатады. 8 сағаттық ұйқыдан кейін организм бұрынғыдай қайта қалпына келуді қойып, өзінің шама- шарқын 10-15 жылға дейін шамалап болсын өмір сүруге бейімдей бастайды екен. Бұл сенің кәрі қойдың жасындай ғана жасың қалып, қай күні «қисайып» қалатыныңды білмейтін, ақыретке қарай «асығып» бара жатқан уақытың. 60-тан асқан кісі әлі де тың болғанымен, баяғыдай өндіріп жұмыс істеуден қалады. Сондықтан мемлекеттің зейнетке шығатын жасты ұзартуы – жұмыс істеуден қалған жаңағыдай адамдарды ертерек көрге сүйрегенмен бірдей болады екен!

Жолымбет Мәкіш‎  Тәуелсіз журналистер клубы
Алдыңғы жазбаҚазақстан чемпионатында гір көтеруде 13 жастағы оқушы жеңіске жетті – Спорт
Келесі жазбаӨзбекстан билігі бөле-жиендердің үйленуіне тыйым салмақ