Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңартылған тізімін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мүшелердің тізімі «Вечерний Алматы» газетінде жарияланды.
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына енгендер:
1. Мұрат Әбдішүкіров — «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Үйлестіру кеңесінің» төрағасы»;
2. Икрам Адырбек- «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі»;
3. Рахман Алшанов — «Тұран» университетінің ректоры»;
4. Тұрарбек Асанов — Алматы облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;
5. Мәди Ахметов — «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы»;
6. Дәурен Бабамұратов — «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы»;
7. Зульфия Байсақова — «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» басқармасының төрайымы»;
8. Елнұр Бейсенбаев — Qadam PRO компаниясының директоры;
9. Кристина Бекмұрзаева — YOUTHART қоғамдық қорының директоры;
10. Александр Белянов — EXPRESS AUTOSERVICE компаниясының президенті;
11. Борис Жапаров — «КазРЕНА» Қазақстанның Ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы»;
12. Айсұлу Ерниязова — «Еріктілер лигасының» төрайымы, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы Саяси кеңесінің мүшесі»;
13. Нұрлан Жазылбеков — «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы филиалының төрағасы»;
14. Қалдыбай Қазанбаев — Алматы қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы»;
15. Шегебек Қауымбаев — Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы;
16. Бекнұр Кисиков — Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті;
17. Алтынай Көбеева — «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының директоры»;
18. Рабандияр Маймақов — Алматы қаласының даму орталығының «Ішкі аудиторы»;
19. Расим Мамедов — «АЗ-БИРЛИК» әзірбайжандар бірлестігінің төрағасы»;
20. Андрей Моргунов — «Қазақстан газ қауымдастығының» президенті, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары»;
21. Сергей Пономарев — тәуелсіз журналист;
22. Майра Сағымбекова — «Гүлден Сауда» компаниясының бас директоры»;
23. Айдос Сарым — Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор төрағасы;
24. Ерлан Смайлов — «Кипр» талдау тобының жетекшісі, жеке кәсіпкер;
25. Нұрлан Сыдықов — Алматы мәдениет басқармасының басшысы;
26. Зауреш Өмірбаева — «Алматы Кәсіподақ орталығының» төрайымы»;
27. Қазыбек Шайх — «Кооперативтер және ҚР Экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары Ұлттық қауымдастығының» президенті»;
28. Ахметжан Шардинов — «АЗМК Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы»;
29. Марат Шибутов — «Транспаренси Қазақстан» қамқоршылық кеңесінің төрағасы»;
30. Айгүл Шөпшекбаева — Алматы ІІБ ардагерлер кеңесінің алғашқы ардагерлер ұйымының төрайымы.
2016 жылы Алматы Қоғамдық кеңесінің құрамына 31 адам кірген еді.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
































