Home Жаңалықтар Алматыда ер адам мінген лифт құлап кеткен — Тосын жай

Алматыда ер адам мінген лифт құлап кеткен — Тосын жай

277

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам мінген лифт құлап кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 13 ақпанда кешкі уақытта Алатау ауданындағы «Алғабас-6» ықшамауданында болған.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. ТЖ салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты. Қазіргі уақытта соталды тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», — деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Оқиға мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйде болған. 2016 жылы бұл ықшамауданда тұрғын үй бір жағына қарай қисайып, тұрғындар дереу эвакуацияланған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЖүлде қоры миллион доллар CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді — Спорт
Келесі жазбаЖұмыстан шығара салуға болмайды — Асанов Ақтаудағы судьяға қатысты дау жайлы — Ел жаңалықтары