Home Қоғам Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды: кім қызметінде қалды, кім ауысты?

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды: кім қызметінде қалды, кім ауысты?

8
Бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды  деп  жазады  Zakon.kz сайты.

31 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бері атқарып келеді.

2-3 қыркүйекте Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің кандидатуралары Құрылтайдың бейінді комитеттерінде келісіліп, кейін Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тиісті лауазымдарға тағайындалды.

Жаңа Үкімет құрамында төрт министр ауысты:

  • Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Ермек Көшербаевты алмастырды;
  • Мұрат Мұханов ҚР Төтенше жағдайлар министрі болды. Ол Шыңғыс Әріновтің орнына келді;
  • Әлібек Қуантыров ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Ол Ерлан Нысанбаевты алмастырды;
  • Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болды. Ол бұл қызметте Аида Балаеваны алмастырды.
Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды: кім қызметінде қалды, кім ауысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 15:03Жаңартылған Үкімет құрамында мына лауазымды тұлғалар қызметін сақтап қалды:

  • Нұрлыбек Нәлібаев – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары (2026 жылғы 6 мамырдан бері);
  • Ғалымжан Қойшыбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы (2023 жылғы 4 қаңтардан бері);
  • Қанат Бозымбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары (2024 жылғы 31 наурыздан бері);
  • Серік Жұманғарин – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі (2024 жылғы 21 желтоқсаннан бері);
  • Жаслан Мәдиев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі (2025 жылғы 29 қыркүйектен бері);
  • Ержан Сәденов – ҚР Ішкі істер министрі (2023 жылғы 2 қыркүйектен бері);
  • Дәурен Қосанов – ҚР Қорғаныс министрі (2025 жылғы 8 маусымнан бері);
  • Мәди Тәкиев – ҚР Қаржы министрі (2024 жылғы 6 ақпаннан бері);
  • Нұрлан Сауранбаев – ҚР Көлік министрі (2025 жылғы 30 маусымнан бері);
  • Ерлан Сәрсембаев – ҚР Әділет министрі (2025 жылғы 9 қаңтардан бері);
  • Ерлан Ақкенженов – ҚР Энергетика министрі (2025 жылғы 19 наурыздан бері);
  • Ерсайын Нағаспаев – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі (2025 жылғы 28 ақпаннан бері);
  • Жұлдыз Сүлейменова – ҚР Оқу-ағарту министрі (2025 жылғы 29 қыркүйектен бері);
  • Арман Шаққалиев – ҚР Сауда және интеграция министрі (2023 жылғы 2 қыркүйектен бері);
  • Нұржан Нұржігітов – ҚР Су ресурстары және ирригация министрі (2023 жылғы 4 қыркүйектен бері);
  • Ақмарал Әлназарова – ҚР Денсаулық сақтау министрі (2024 жылғы 6 ақпаннан бері);
  • Айдарбек Сапаров – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі (2023 жылғы 4 қыркүйектен бері);
  • Асқарбек Ертаев – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2026 жылғы 27 қаңтардан бері);
  • Ербол Мырзабосынов – ҚР Туризм және спорт министрі (2024 жылғы 2 қыркүйектен бері);
  • Саясат Нұрбек – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі (2022 жылғы 11 маусымнан бері).
Жаңартылған Үкімет құрамында мына лауазымды тұлғалар қызметін сақтап қалды: Нұрлыбек Нәлібаев – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары (2026 жылғы 6 мамырдан бері); Ғалымжан Қойшыбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы (2023 жылғы 4 қаңтардан бері); Қанат Бозымбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары (2024 жылғы 31 наурыздан бері); Серік Жұманғарин – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі (2024 жылғы 21 желтоқсаннан бері); Жаслан Мәдиев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі (2025 жылғы 29 қыркүйектен бері); Ержан Сәденов – ҚР Ішкі істер министрі (2023 жылғы 2 қыркүйектен бері); Дәурен Қосанов – ҚР Қорғаныс министрі (2025 жылғы 8 маусымнан бері); Мәди Тәкиев – ҚР Қаржы министрі (2024 жылғы 6 ақпаннан бері); Нұрлан Сауранбаев – ҚР Көлік министрі (2025 жылғы 30 маусымнан бері); Ерлан Сәрсембаев – ҚР Әділет министрі (2025 жылғы 9 қаңтардан бері); Ерлан Ақкенженов – ҚР Энергетика министрі (2025 жылғы 19 наурыздан бері); Ерсайын Нағаспаев – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі (2025 жылғы 28 ақпаннан бері); Жұлдыз Сүлейменова – ҚР Оқу-ағарту министрі (2025 жылғы 29 қыркүйектен бері); Арман Шаққалиев – ҚР Сауда және интеграция министрі (2023 жылғы 2 қыркүйектен бері); Нұржан Нұржігітов – ҚР Су ресурстары және ирригация министрі (2023 жылғы 4 қыркүйектен бері); Ақмарал Әлназарова – ҚР Денсаулық сақтау министрі (2024 жылғы 6 ақпаннан бері); Айдарбек Сапаров – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі (2023 жылғы 4 қыркүйектен бері); Асқарбек Ертаев – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2026 жылғы 27 қаңтардан бері); Ербол Мырзабосынов – ҚР Туризм және спорт министрі (2024 жылғы 2 қыркүйектен бері); Саясат Нұрбек – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі (2022 жылғы 11 маусымнан бері)., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 15:03Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалған Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында Президент Үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындап, елді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы экономиканың тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсартуға баса назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке барлық мемлекеттік органның үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді, атқарушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттауды тапсырды.

Сол күні Президент Аида Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады. Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.

Алдыңғы жазбаҮлкен ұйымдағы шағын мемлекеттердің үлкен мүмкіндігі