12 шілдеде таңертең 2026 жылғы әлем чемпионаты плей-офф кезеңінің үшінші кезеңі аяқталды. Осылайша, жарты финалдың барлық жұбы анықталды
1/4 финалдың қорытындысы бойынша келесі кезеңге Франция, Испания, Англия және Аргентина жолдама алды.
Марокко, Бельгия, Норвегия және Швейцария құрамалары турнирмен қоштасты.
- 15 шілде, 00:00 — Франция — Испания;
- 16 шілде, 00:00 — Англия — Аргентина.
Жарты финал аяқталған соң, турнирдің шешуші кезеңі демалыс күндері өтеді. Үшінші орын үшін матч 19 шілдеде сағат 02:00-де, ал финал 20 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

































