Home Қоғам Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

12

Қазақстан мектептерінде жол жүру ережесі (ЖЖЕ) жеке пән ретінде оқытылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл (шамамен 2026-2027 оқу жылында — ред. еск.) Қазақстанда «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында «Жеке қауіпсіздік» атты жаңа пән пайда болады.

«Оған жол жүру ережелерімен қатар балалардың қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Пән сабақ кестесіне енгізіледі. Сондай-ақ онда жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары қарастырылған. Балаларды дайындау қажет болатын барлық өзекті мәселе ескерілді», — деді Жұлдыз Сүлейменова Тәуелсіздік сарайы кулуарында.

Оның айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Өркен» орталығы әзірлеген. Пәнді педагогтар мен психологтар жүргізеді. Ол 5-9 сыныптар аралығында енгізіледі.

Алдыңғы жазбаТоқаев: “Баршамызға бейбітшілік қажет»