Home Қоғам Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті ашты

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті ашты

7

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.

Сурет: akorda.kz

«Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды».

Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Сурет: akorda.kz

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Алдыңғы жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады