Home Әлем Әли Хаменеи өлсе, орнын кім баспақшы?

Әли Хаменеи өлсе, орнын кім баспақшы?

11

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи ел басшылығы жүйесінде үзіліс туындауы немесе өзі қаза табуы мүмкін жағдайға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы The New York Times басылымы ирандық алты жоғары лауазымды шенеунік пен Ислам революциясы сақшылар корпусы өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым дерегінше, Хаменеи өз өкілеттігінің бір бөлігін сенімді тұлғалардың тар шеңберіне тапсырған. Сондай-ақ әскери және азаматтық басқару жүйесінде көпдеңгейлі мұрагерлік құрылымын қалыптастыруды жүктеген. Нұсқауға сәйкес, жоғары лауазымды тұлғалар Жоғарғы көшбасшымен байланыс үзілген немесе ол қаза тапқан жағдайда оның орнына уақытша тағайындалуы мүмкін төрт адамға дейін анықтауы тиіс.

Маңызды шешімдерді үйлестіру міндеті Иран парламентінің бұрынғы спикері және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бұрынғы хатшысы Әли Лариджаниге сеніп тапсырылған. NYT мәліметінше, соңғы айларда Лариджанидің ықпалы айтарлықтай артқан. Ол ішкі қауіпсіздік мәселелерін, одақтастармен байланыстарды қадағалайды әрі Вашингтонмен ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге қатысады.

Израильмен арадағы соңғы шиеленіс кезінде Хаменеи өзінің үш ықтимал мұрагерін де айқындаған. Алайда олардың есімдері жария етілмеген. Әли Лариджани бұл тізімге кірмейді, себебі ол діни қайраткер емес.

Ал Axios порталы 21 ақпанда АҚШ-тың Иранға қатысты бірнеше іс-қимыл нұсқасын қарастырып жатқанын хабарлаған. Сол жоспарлардың бірі Әли Хаменеи мен оның ұлы Моджтабаны жоюды көздейді. Axios дереккөздерінің айтуынша, Иран көшбасшысын өлтіру жоспары бірнеше апта бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампке таныстырылған.

Dodanews.kz

Алдыңғы жазбаҰлттық қауіпсіздік: сатып алу ма, өндіру ме?
Келесі жазбаКҮЛТЕГІН