Home Саясат «Ұлы Дала» ұғымы Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін

«Ұлы Дала» ұғымы Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін

26
2026 жылы 31 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Жаңа Ата Заңда «Ұлы Дала» ұғымы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР жаңа конституциясының преамбуласы былайша сипатталады:

Біз, біртұтас Қазақстан халқы,

байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,

Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап,

мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,

Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып,

азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,

бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп,

мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып,

табиғатты аялау қажеттігін мойындап,

бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып,

келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп,

Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.

Мәтіннен көріп отырғандарыңыздай, преамбулада «Ұлы Дала» ұғымы пайда болып, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» түсінігі мықтап бекітілген.

Алдыңғы жазбаКонституциялық реформа – ел дамуының әділдік пен заң үстемдігіне негізделген жаңа моделі
Келесі жазбаҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды