Home Басты жазба Империялық елес: Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіре ме?

Империялық елес: Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіре ме?

107

Соңғы апталарда Ресей медиасында бұрын-соңғыға ұқсамайтын империялық риторика күшейіп барады. Белгілі теле-жүргізушілер мен идеологтар Украинадан кейінгі «жаңа фронттар» туралы сөз етіп қана қоймай, тәуелсіз мемлекеттердің егемендігін  жоққа  шығара  бастады.

Мысалы, Владимир Соловьев Орталық Азияны «арнайы әскери операцияның» мүмкін бағыты ретінде атады. Ал идеолог Александр Дугин посткеңестік елдердің тәуелсіздігін жоққа шығарып, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия мен Әзербайжанның болуын қабылдауға болмайды деді. Оның пайымынша, бұл елдер Ресей бақылауындағы бірыңғай құрылымға қосылуы тиіс, әйтпесе олар басқа геосаяси ойыншылардың ықпал алаңына айналады.

Бұл сөздер жай ғана пікір емес. Орталық Азиядағы тұрақтылыққа, соның ішінде Қазақстанның тәуелсіздік қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін. Ресейлік ақпарат және идеологиялық ықпал әлі де күшті, кейбір блогерлер мен БАҚ постсоветтік кеңістікті «ортақ үй» ретінде көрсетуге тырысады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көпвекторлы саясат ұстанып келеді: Ресей, Қытай, АҚШ және Батыс елдерімен теңгерімді байланыс орнату. Дегенмен, ресейлік империялық риторика мен экономикалық тәуелділік қауіп тудырады. Мысалы, еліміздің мұнайы негізінен ресейлік құбырлар арқылы экспортталады, бұл кейбір стратегиялық таңдау мүмкіндігін шектейді.

Не істеу керек?

  1. Ақпараттық кеңістікті қорғау, сыртқы ықпалға қарсы нақты стратегия әзірлеу.                                                                                                                                  2.  Дипломатиялық және құқықтық механизмдерді күшейту.

    3. Экономикалық тәуелділікті азайту, транзит пен логистиканы диверсификациялау.

Мұның  бәрін  ертеңге  қалдырмай  жедел істеуге тиіспіз. Әйтпесе кеш  болары  анық.

Dodanews.kz

Алдыңғы жазбаПарламенттік реформа не үшін қажет?
Келесі жазбаТоқаев конституциялық реформа бойынша негізгі бағыттарды жариялады