Home Жаңалықтар Астана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды...

Астана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды — Ел жаңалықтары

249

Ақпанның 7-не қараған түні Астана мен Қарағанды жер бетіндегі ең суық 10 қала қатарына енді, — деп хабарлайды Wx-now.com. 

Тізімде алдыңғы үштікте Шеперд (Канада), Сургут (Ресей) және Лейк (Канада) қалалары тұр. Қарағандыда сынап бағанасы ауа температурасы 38 градус төмен болғанын көрсетті. Астана 11-орынды иеленді. Қалада ауа температурасы -37 градус болды. Тізімде 15-орынға АҚШ-тың Солтүстік Каролинасында орналасқан Кеймбридж-Бей қаласы тұрақтады.

Астананың Білім басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері 7 қаңтарда бірінші аусымда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ өткізілмейтінін хабарлаған. Астанада алдағы күндері ауа райы суық болатындығы хабарланған. 7 қаңтарда бұлтты, жауын-шашын болмайтыны айтылды. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр болатыны айтылды. Түнгі уакытта ауа температурасы -35 -37 градусты көрсетіп тұр, таңғы уақытта -25-27 градус. Синоптиктердің мәліметінше тек сенбі күні ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендейді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаДимаш Құдайбергеннің The World’s Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланды — Әуен
Келесі жазбаҚазақты өсірмеудің бір жолы…