Home Жаңалықтар Димаш Құдайбергеннің The World’s Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланды –...

Димаш Құдайбергеннің The World’s Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланды – Әуен

39

Желіде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы The World’s Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қытайдағы I’m A Singer байқауында айтқан S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған. Айта кетейік, бұл байқауға қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова да қатысты.

«Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты», – дейді актриса Дрю Бэрримор.

«Бұл шеберлік пен табиғи дарын. «Сен The World’s Best шоуының құрылуына себепшісің», – деді актер Ру Пол Андре Чарльз. 

Мұның алдында Димаш Құдайберген бұл ол қатысатын соңғы байқау екенін айтқан еді. Айта кетейік, шоудың басты жеңімпазы бір миллион доллар алады. 

«Димаш пен Данэлияны қолдау үшін». Гауһар Нұртас америкалық шоудың сарапшысы болды

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБосфорда Қазақстан мұнайы бар танкерлер тоқтап тұр – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАстана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды – Ел жаңалықтары