Осыдан біраз бұрын «Халық үні» ақпараттық порталына қазақтың асқар жазушысы, екі империяның яғни Шыңғысқан құрған ұлы қағанатпен оның ұлы Жошы қабырғасын қалаған Алтын орда жөнінде көп томдықтар жазған һәм қазақтың бүкіл тарихын түгендеп берген, жыраулар өмірін зерттеп, айтқандарын жинап, бес ғасырға ұзартқан Мұхтар Мағауинмен журналист Ая Өміртайдың сұхбаты жарияланды. Әлбетте жазбаша емес, ютуб арнасында. («Халық үні» порталынан көшіріп бізде өзімізге салып қойдық. «Дода тв» айдарында тұр) Онда бүгінгі қоғам, қазақы орта, өзімен қатарлас жазушылар жөнінде Мағауин өз ойын ашық айтқан екен. Қазір әлеуметтік желі бетінде Мұхтар Мағауиннің айтқандарын талқылап жатқандар көп. Бірі жақтады, бірі даттады. Тұрар Рысқұловқа, Шерхан Мұртазаға, Сағат Әшімбаевқа, Әбіш Кекілбайға, Амангелді Имановқа тіл тигізді деп жатқандарда бар. Әлбетте Мағауиннің айтқандарына төрелік айту біздің құқымызға кірмейді. Әркімнің пікірі өзінде. Дегенмен біз осы аталған алаш ұлдарының өмірінен жазылған және әлеуметтік желі бетінде жарық көрген дүниелерді өз сайтымыздың бетінде жариялап тұруды жөн көрдік. Осыдан бірер күн бұрын ФБ да жарық көрген Амангелді батыр жөнінде жазбамызды жарияладық. Енді алаштың арда ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов жөніндегі жазбаны ұсынып отырмыз. 1916 жылы орыс патшасына қарсы тұрған Амангелді Иманов кім еді, ұлт үшін құрбан болған Тұрар Рысқұлов кім болды, оны осы жазбалардан оқып, әркім өзінше ой түйе жатар.

Тұрар Рысқұлов
Мұхаң Қазақстанда ашаршылықты жасаған Тұрар Рысқұлов деп отыр. Ал архивтік құжаттар не дейді? Жиырмасыншы ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан өлкесі қазіргі Қызылорда облыснан бастап Талдықорға облысның жеріне дейін Түркістан өлкесіне кірді. Ол кезде ұлттық республикалар жоқ еді. Қаіргі Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің бәрі ТҮРКІСТАН деп атайтын. Әлемдік картада да солай жазылған.
Солардың ішінде қазақ ұлтының саны әлдеқайда басым болатын. 1919-1921 жылғы аштық Патша өкіметі қазақтардың шұрайлы суармалы жерлерін Ресейден жер аударылған мұжықтарға алып беріп, қазақтарды қуаң жерлерге ығыстырып тастады. 1919-1921 жылдары жауын-шашын болмай, күннің ыстығынан шөп қурап, күнкөріс малға азық болмай қырыла бастады. Малмен күн көріп отырған қазақтар аштыққа ұрынды. Сол кезде Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол сондай- ақ Аштық жөніндегі арнайы құрылған комиссияның жетекшісі болған. Келімсектер суармалы жерлеріне бидай, картоп егіп жертөлелеріне сақтап, аштыққа ұрынған жоқ. Рысқұлов аштыққа ұрынған ауылдарды аралап, хал үстінде жатқандарды арбаларға салып, ірі елді-мекен орталықтарынан асқаналар ашып, әлгілерді күндіз-түні сол жерге жеткізген. Жасақтардың күшімен астықтарын ұрналарға тыққызған келімсектерден тартып алып, асқаналарды азық-түлік қорымен қамтамасыз еткен. Сол екі жылдан астам уақыт ішінде Рысқұлов бастаған комиссия миллионға жуық қазақты аштықтан аман алып қалды. Келімсектер жоғар басшылыққа «Рысқұлов астығымызды күшпен тартып алды» деп үстінен арыз-шағымдар жазған. Рысқұлов сондай күш қолданбағанда сол миллион қазақ та қырылып қалар еді. Мұның бәрі Ташкенттегі архивте бар. Ол жайында тарихшы Ордалы Қоңыратбаев сол архив материалдарына сүйене отырып, ғылыми еңбек жазып, кандидаттық диссертация қорғады. Жалпы Рысқұлов ,1916 жылғы Жетісу өлкесінде болған ұлт азаттық көтеріліске қатысқандарды қорғап, губернатордың жазалауынан аман алып қалған. Көтеріліс туралы Рысқұлов өте маңызды, ғылыми тұрғыда тұжырымдап көлемді мақала жазған. Содан кейін атақта жазушы Мұхтар Әуезов 1916 жылғы Қарқаралы көтерілісін бір жағынан Рысқұловтың сол материалына сүйеніп, жазғанын жұрт жақсы біледі. азды. Осы көтеріліс туралы Питербургтегі Думада Кернскии де сөйлеп, Түркістан өлкесіндегі аштық туралы ашып айтқаны тарихи құжаттарда бар. Сонда депутаттар жағаларын ұстаған. Тарихшылар оны да зерттеуі керек.
Ал енді 1931-1933 жылғы қазақстанда болған аштыққа келер болсақ оны Рысқұлов ұйымдастырды деген мүлдем шындыққа келмейді. Оған архивтегі тарихи құжаттар дәлел. Әңгімені жұртқа түсінікті болуы үшін сәл арыдан бамтайық. Ол кезде Рысқұлов Мәскеуде жоғары қызметте болатын. 1924-тің соңы мен 1925 жылы Рысқұловты Коминтерн Моңғолияға жіберген. Сонда ол Моңғолияның конституциясын жазуға қатысып, мемлекеттігін құрып берген. Тіпті Қытайға да Қазақбаев деген фамилиямен Моңғол делегациясын бастап барып, өте маңызды келіссөз жүргізіп, Моңғолияның қауіпсіздігін орнықтырған. Тіпті Моңғолияның ауыл шаруашылығын да өркендеу жолына қойып берді. Сондықтан оларда аштық болған жоқ. Моңғолияның астанасы Улан Батор да Рысқұлов қойған. Бұл туралы моңғол тарихшыларының жазған еңбектері аз емес. 1925 жылдың соңына таман Рысқұлов Мәскеуге оралып Коминтерннің алдында Моңғолиядағы атқарған жұмысы жөнінде есеп береді. Оны Коминтериннің барлық мүшелері жоғары бағалаған. Рысқұловты Сталин Қазақ өлкелік партия комитетіне қызметке жіберген. Ол кезде Өлкелік Комитеттің бірінші хатшысы Филипп Исаевич Голошекин болатын. Қазақ Өлкесінің астанасы сол кезде Орынбордан Қызылорда қаласына көшіріген қалана көшірілген. Рысқұлов өлкеге келген соң «Еңбекші қазақ» газетіне редактор және Өлкелік Комитеттің бөлімін басқарған. Ол газетке ылғи сын мақалар жазып отырған. Өлкелік партия жиналыстарында Голощекинге өз ойын тіке айтып, алдын кесіп отырған. Голощеке Рысқұловты Түріккомиссия құрамында жүргеннен біледі. Сол кезде жиырманың үстіне енді шыққан Рысқұловқа қарсы келе алмай ылғи оның айтқандарын мақұлдап отырған. Бұл жөнінде Мәскеу тарихшысы Устинов архив материалдарын негізге ала отырып «Служение народу» деп аталған Рысқұловтың еңбектерін зерттеу кітабын жазған. Кейін де ол туралы бірнеше кітаптар жазды.
Негінен Қазақ өлкесінде аштық 1931 жылы емес коллективтендіруді қолға алған 1928 жылдан алғаншқы ұшқындары көрініс бере бастаған. Сталин сол жылдың басында Орталық Комитеттің қызметкерлеріне коллективтендіру туралы өз пікірлерін жазып беруге тапсырма берген. Солардың ішінде Рысқұлов та болды. Рұсқұлов өз жазбасында коллективтендіруді Урал тауының батыс бөлігі, Кавказ елдерінің жоғары жағында коллективтендіруді тездетіп жүргізуге болады. Өйткені олар отырықшы елдер. Сонымен бірге оларда ауыл шаруашылық техникалар жеткілікті. Рысқұловтың меңзеп отырғаны Ресейдің территориясы. Ал көшпелі қаза Өлкесінде коллективтендіруді бірден жүргізуге болмайды. Бұл бірнеше жылдарға созылатын процес деп жазған. Демек қазақ отырықшылдыққа қалыптасу үшін кемі тағы бір он жыл керек деген сөзі ғой. Бұл архив материалдарын ақтарған Михайловтың «Хроника великого джута», атты кітабында жазылған. Сталин мен Голощекин Рысқұловтың ұсынысына құлақ аспай Қазақ өлкесінде де 1928 жылы коллективтендіруді белден басып жүргізді. Содан бастап мал шығыны көп болды. Ірі байлар жан сауғалап, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға жан сауғалап, көше бастады. Архивте кейбір байлардың уақ малымды Кеңес өкіметі мен құл-құтанға бергенше жоқ қылайын деп қорасымен өртеген. Ал ірі қараларын алдарына салып, айдап кеткен. Біздің қазіргі байлар да солар секілді. Халықты ойлап жатқаны шамалы.
Рысқұлов елде аштық болатынын алдын ала біліп 1932 жылы Сталиге екі рет хат жазған. Қазақ өлкесінде малдың қырылып жатқанын содан халықтың қиыншылыққа ұрынғанын айтқан. Орталық Комитет Сталин жоқта оның хатын қарап шара қолдану жөніндн шешім шығарса да аяқсыз қалған. 1931 жылдан бастап елде аштық өріс алып, 1933 жылы шарықтау шегіне жеткен. Сталин өлкеде аштық жүріп, адамдардың қырылып жатқанын жақсы білді. Өйткені Мәскеудің көшелерін тамақ іздеп босқан аш қазақтар қаптап кеткен. Милиция бөлімдерінің басшылары Сталинге жеткізіп отырған. Омск, Томск басшылары да Мәскеуге аш қазақтардың қаптап кеткенін айтып, телеграмалар жібереді. Қазақ облыстарынан орыс тіліне сауатты адамдар Кремльге аштық туралы хат жіберсе да Сталин «Сары қазақтарға сол керек» деп мыңқ етпей шылымын шегіп отыра берген. Негізі ол қазақтарды әу баста-ақ жек көрген. Қазақтардан жерді тазалау керек болған. Голощекин екеуі Сібірде айдауда бірге болғанда бұл жөнінде пікрлесіп сонда осындай жауыздық ұйғарымға келсе керек. 1933 жылдаң басында Сталин Голощекинді Мәскеуге алдырып, Мемлекеттік бас атбитраждың бастығы етіп тағайындайды да орнына Қазақ өлкесіне Мирзоянды жібереді. Олкелген бойда астық қоймасының қақпасын ашқан жоқ. Ал өлкеде күніге бірнеше мыңдап адамдар өліп жатты. Рысқұлов Сталинге хат жазғаннан түк шықпайтынын білген соң Сталиннен жасырын түрде мемлекеттік комиссия құрып, Қазақ өлкесіне жібереді. Олар бір айдай өлкедегі аштықтың зардаптарымен танысып, Рысқұлоақа арнайы жазып береді. Солардың дерегімен Рысқұлов Сталинге хат жазып, өз қолымен табыс етеді. Сталин қанша жауыз болса да Мемлекеттік комиссияның деректерін жоққа шығара алмайды. Өйткені күні ертең Рысқұловтың бұл хаты архивке түсетінін, енді көңіл бөлмесе өзі кінәлі болып қалатынын біліп, Мирзоянға қамбаны ашуға пәрмен берген. Бұл1933 жылдың 1,наурызы болатын. Үш жыл аштықта қазақтың жартысынан көбі, яғни екі жарым милионнан астамы қырылып кеткен. Бірақ бұл да нақты дерек емес. Сол күні Рысқұлов Сталинге хатты өз қолымен тапсырмағанда аштықтың енді қанша уақытқа дейін созыларын кім білсін. Сонда жер бетінде миллион қазақ қалар ма қалмас па? Бүгінгі өмір сүріп отырған қазақтардың жартысы болар ма едң, болмас па еді. Рысқұлов сол хатымен шектеліп қалған жоқ. Орта Азия республикаларының бірінші басшыларына арнайы хат жазып, босқан қазақтарға жағдай жасауға өз өкілеттігі атынан пәрмен береді. Олар содан кейін ғана аш қазақтарды тамақтандырған. Осы айтылғандардың бәрі жәй сөз емес. Архив материалдарынан алынған. Солай түгел жер бетінен жойылып кететін қазақты Рысқұлов құтқарып қалды. Сол үшін басын тігіп күресті. Егер Сталин оның алдын ала комиссия құрып жатқанын біліп қойғанда басы кетер еді. Бұл жағынан Сталин кеш қалды.
Молдияр Серікбаев деген картограф-геолог болған. Осыдан үш жыл бұрын өмірден өтті. Ол кезінде Рысқұлов туралв көп зерттеген. Мәскедің, Ленинградтың, Омскінің, томскінің, Кузбастың, Қазанның, Уфаның, Бакудың, Тәшкенттің, Ашқабаттың, Душанбенің, Бішкектің архивтерінде болып, Рысқұлов туралы деректерді көп жинаған. Бірде ол маған 1971 жылы Ташкентің архивинде бір жетпістен асқан еврей ғалыммен кездесіп қалдым. Басында майда тесікті ақ шләпісі, шоқша сақалы бар арықтау келген кісі екен. Голощекиннің кезінде Өлкелік партия комитетінде қызмет етіпті. Мен одан Рысқұловты білесіз бе деп сұрадым. Ол білгенде қандай деп өзіме қарсы сұрақ қойды. Сіз 1926 жылы Рысқұловтың Мәскеуге қызметке неге ауысқанын білесіз бе деді. Мен ол іскер болған соң Сталин шақырып алды деп едім ол, жоқ олай емес, сіз шындықты білмейді екенсіз деді де Голощекин Рысқұловты өте жек көрді. Партия жиналыстарында ол Рысқұловтан батып өз ойын еркін айта алмайтын. Оның анау-мынау ұлтқа қайшы келетін сөздерін Рысқұлов тыйып тастап отырды. Ол соғпн біздің алдымызда қатты арланатын. Голощекин 1926 жылы Мәскеуге барғанда Сталиннің қабылдауында болып, Рысқұловтың өзіне еркін жұмыс істетпейтінін айтып, Қызылордадан алып кетуін өтінген. Сталин Рысқұловтың алғыр екенін жақсы біледі. Ол солай Рысқұловты Мәскеуге алдырған. Ол кеткен соң Голощекиннің жұмысына ешкім кедергі бола алмады. Егер Рысқұлов Өлкеде болғанда аштыққа жол бермес еді. Оның үстіне осындағы үлкен қызметте жүрген ықпалды қазақтар Рысқұловтын үстінен Мәскеуге арыз жазумен болды. Сендер өздеріңе өздерің жаулық қылдыңдар. Рысқұловтың қадыр- қасиетін білген жоқсыңдар. Әлі де ол туралы айтқыларың келмейді деді. Шалдың айтқаны рас болған соң мен індемедім.
Жалпы Рысқұов туралы заманның заңғар жазкшысы Мұхтар Әуезоа роман жазбақшы болған. Б Бұл ойын Рысқұловтың өзіне де айтқан. Бірақ артында аңдушылар болған соң онысын жүзеге асыра алмады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Темірғали Нұртазин Рысқұлов туралы сегіз жыл зерттеп 900 беттен тұратын деректі роман жазып шыққан. Оны жазушы Мамытбек Қалдыбайға оқытып., «Рысқұловтың анты» деп аталған біріншіі кітабын жарыққа шығарды. Қалған екі ктабы шықпай қалды. Жұрттан естуімше сіз Мұхтар аға «Жұлдыз» журналына басамын деп алған көрінесіз. Бірақ ол журналда жарияланған жоқ. Ғаламның сол сегіз жылдық еңбегі архивіңіздің бір жерінде жатқан шығар. Қайтарсаңыз жақсы болар еді. Сегіз жылдық еңбегінің еш кеткені обал ғой. Мен бұл жазбамды архив материалдарына сүйеніп жазып отырмын. Тағы естеліктерден оқғаным бар, аға. Айып еетпеңіз. Әркімнің өз ойын айтуға құқыбар ғой. Тағы бір айта кететін жәйт, Рысқұловтың Сталинге 1924 жылы жазған хатында Алаш арыстарын сатты деген сөз бар. Жаңылмасам 1922-23 жылдары Орталық комитеттің өзара сынды күшейту жөнінде қаулысв шыққан. Ол хат сол қаулы бойынша сын тұрғысынан жазылған. Алаш арыстарын Ленин мен Сталин сонау 1917-18 жылдары-ақ білген ғой. Мен МҚҚ -архивінде болған тарихшылардан сол хатқа байланысты 1937-38 жылдары тергеушілердің тұтқындағы Алаш арыстарына «Сен туралв Рысқұовтың мынандай мәлімдемесі бар»деп айтқан құжатты көрдіңіздер ме дегенімде тарихшылар «Архивте ондай құжат та мәлімет те жоқ» деп жауап берді. Демек Рысқұловтың сол хатына байланысты арыстардың ешқайсысы жапа шекпеген. Тергеушілердің арыстарға қойған сұрақтарында ол хат жайында ештеңе жоқ. Рысқұловты бекер босқа жазғыра беруге болмайды ғой.
Авторы Көлбай Адырбекұлы