Home Жаңалықтар Оралдағы жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер

Оралдағы жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер

190

Оралда екі қабатты ғимараттың құлауы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылды, барлығы 110-нан аса адам және 30 техника жұмылдырылған.»БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды».

Еске салайық, бұған дейін Оралда дәмханадағы газ жарылып өрт болған  еді.

Алдыңғы жазбаМемлекет басшысы сұңғыла саясаткер екенін тағы бір танытты
Келесі жазбаУниверситеттен 50 миллион теңгеден аса ақша жымқырылған