Home Қоғам Мемлекет басшысы сұңғыла саясаткер екенін тағы бір ...

Мемлекет басшысы сұңғыла саясаткер екенін тағы бір танытты

254

Президент Қасым – Жомарт  Тоқаевтың «Егемен  Қазақстан» газетіне  берген  сұхбатымен  толық  танысып  шықтым. Көп  нәрсе айтылыпты, қоғамда жауабы  табылмай  жүрген  біраз  жайттың  нақты  жауабы  болыпты. Алдағы  уақытта саясатта,  экономикада,  әлеуметтік  салада не істелінетініде назардан  тыс  қалмапты. Салмақты,  сарабдал  әңгіме  болған екен.

Мысалы  көпті  толғандырып  жүрген, «Тоқаев  тағыда  сайлауға  түсе ме?»  деген сауалға, «Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам»  дейді президент.  Яғни  екінші  қайта  сайлауға  түспейтінін кесіп айтқан. Сондай-ақ, «Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды»- дейді  президент. Өте дұрыс.  Өйткені  Назарбаев әр  сайлаудың тұсында  Ата  заңды  өз ыңғайына  қарай  бұрып,  өз  дегенін  істеп  келген.  Енді  ондайға  жол  жоқ. Сондай-ақ,  жұрт қаңтар  дүрбелеңі  кезінде «ҰҚШҰ әскері  не  үшін еңгізілді»  деген  сұраұққа  осы күнге  дейін  нақты  жауап  таппаған. Мұныда  президент  сұхбат кезінде «ҰҚШҰ  әскері  не үшін еңгізілгенін, және  ол  Ресейдің  жеке  әскері  емес, ұйымға кіретін  елдердің   әскері екенін»  тайға  таңба  басқандай атап  өтіпті.  Сонымен  қатар «Ескі  Қазақстанның»  шенеуніктері, бай-бағландары  елде «екі билік» орнатуға  тырысқанында айтыпты. Жалпы сұхбатта көп  нәрсе  қамтылған. Бәрін  тізе  берудің   еш  қисыны  жоқ. Ең бастысы  эколог ретінде  мені  толғандырған  мәселе АЭС  еді. Оныда  президент «қажет  пе,  жоқпа,  оны халық  шешеді.  Бәрі  тек  референдум арқылы  болады»  деп кесіп  айтыпты. Дұрыс. Жоғарыда отырған  өзім шешем демей, халықтың  дегеніне  жүгіну, мемлекет  басшысының  сұңғыла  саясаткер екенін  тағы бір  көрсетті.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ «Байтақ» жасылдар  партиясының  төрағасы

Алдыңғы жазбаХақназар хан кім?
Келесі жазбаОралдағы жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер