Home Жаңалықтар Таразда ер адам жаңажылдық шыршаны өртеп жіберген

Таразда ер адам жаңажылдық шыршаны өртеп жіберген

152

31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңажылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған. Полиция күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды dodanews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізгі шырша «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқан.

Алдыңғы жазба«7-20-25» бағдарламасының 2024 жылғы бюджеті бекітілді
Келесі жазбаРизабек Айтмұхан жылдың қорытынды рейтингінде көш бастады