Home Жаңалықтар Жәнібек екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Жәнібек екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

173

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді (21-1-1, 7КО) жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.

«Мұнымен тоқтамаймыз. Бұл – тарих. Алда әлі екі титул бар», – деді Әлімханұлы кездесуден соң.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы карьерасында бірде-бір рет жеңілмеген, ал оның қарсыласы Винченцо Гуалтьери алғаш рет жеңіліп отыр

Алдыңғы жазбаОралда грант алғандар қаржыны басқа мақсатқа жұмсаған
Келесі жазбаҚазақстанда түріктің Anka дрондары келесі жылы құрастырыла бастауы мүмкін