Елбасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевті Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Ақорда.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — деп жазылды жарлықта.
Айта кетейік, осыған дейін Бейбіт Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалған болатын.
































