Home Жаңалықтар Алматыда әл-Фараби даңғылында автобус өртенді

Алматыда әл-Фараби даңғылында автобус өртенді

161

Алматыда әл-Фараби даңғылында жолаушылар автобусы өртенді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, өрт бүгін, 24 қазанда таңғы сағат 07.00 шамасында болған. Автобустың әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында өртенгені айтылады. Қалалық ТЖД мәліметінше, №32 бағыттағы автобус өртенген. «Өрт сөндірушілер сағат 06.53-те оқиға орнына барды. Автобустың ішінде жолаушылар болған жоқ. 25 шаршы метр аумақ өртке оранған. Жүргізуші өртті өз бетінше сөндірмек болған. Өртті 11 қызметкер сөндірді, бір дана техника жұмылдырылды. Өрт сағат 06.57-те ауыздықталып, сағат 07.04-те толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта полицейлер әл-Фараби даңғылындағы батыс бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатты.

Алдыңғы жазбаМемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Келесі жазбаРафаэль Надаль мен Новак Джокович Нұр-Сұлтанға келді