Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль өз командаларымен Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына қонды, – деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атақты қонақтарды ҚТФ президенті Болат Өтемұратовтың өзі күтіп алды. 24 қазанда Гадаль мен Джокович арасында ойын өтеді. Кездесу 19:00-де басталады. Сондай-ақ, теннисшілер баспасөз конференциясы мен мастер-класс өткізеді. «Мұндай жұлдыздардың келуі – ТМД үшін айтулы шара, сондай-ақ бұл біздің спортшыларды шабыттандыруға әсерін береді, ал теннис ойынына қызығатындар әдемі әрі тартысты ойынды тамашалай алады. «Барыс-Аренада» қайырымдылық ойын өтеді.
Kaz.tengrinews.kz