Home Жаңалықтар Үндістан Айға аттанды

Үндістан Айға аттанды

134

Үндістан Айға ғаламшараралық станция ұшырды. «Чандраян-2» миссиясы сәтті іске асса, ғарыш аппараты алғаш рет Айдың оңтүстік полюсіне қонады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жобаға 145 млн АҚШ доллары мөлшерінде қаражат жұмсалған. Ғарыш аппараты тиелген тасымалдаушы зымыран Шрихарикота аралындағы ғарыш айлағынан кеше жергілікті уақыт бойынша 14:43-те ұшырылды. Ғаламшараралық станция қазір Жердің орбитасында. Ол 23 күн орбитада айналып жүріп, содан кейін Айдың орбитасына өтеді. Егер бәрі ойдағыдай іске асса, Үндістан КСРО, АҚШ және Қытайдан кейінгі Айға ғарыш аппаратын қондырған төртінші ірі мемлекет болмақ.

Алдыңғы жазбаҚазақстанға қанша қандас көшіп келді?
Келесі жазбаРесей мен Қытай аз ұлттарды жою жолында біраз жетістіктерге жетті