234 үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша стипендия магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтетін 234 үміткерге берілді», — делінген хабарламада. 2019 жылғы 26 қарашадағы «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін МЫНА жерден көруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, стипендиаттарды бөлу санаттары бойынша өтті: мемлекеттік қызметшілер — 21, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері — 4, өз бетімен түскендер — 200, инженерлік-техникалық қызметкерлер — 12, жалпы конкурс — 65, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер — 19. Аустралия — 4 адам, Ұлыбритания — 242, Канада — 4, Италия — 7, АҚШ — 54, Германия — 2, Бельгия — 2, Ресей — 4, Нидерланды — 2.
Kaz.tengrinews.kz
































