Home Жаңалықтар Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды

Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды

44

«Лос-Анджелес Гэлаксидің» швециялық футболшысы Златан Ибрагимович «Лос-Анджелес» ойыншысы Мохаммед Эль-Монирдің жағын сындырды. Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, – деп хабарлайды Хабар 24.

Лос-Анджелестің екі командасы 19-маусымда кездескен. Матч «Гэлаксидің» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды.

Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған. Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін «Нью-Йорк Ред Буллс» ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді ота жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.

 

Алдыңғы жазбаТоқаев: Қаза тапқан қорықшы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылады
Келесі жазбаАдам өлтірді деген браконьерлер ұсталды