Home Жаңалықтар Жұмағұловтың жекпе-жегінің мерзімі мен өтетін орны белгілі болды

Жұмағұловтың жекпе-жегінің мерзімі мен өтетін орны белгілі болды

53

Жалғас Жұмағұлов (12-3) Fight Nights Global атағын Али Багаутдиновке (19-6) қарсы жекпе-жекте қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек Fight Nights Global турнирінде 19 қазанда Сочиде (Ресей) өтеді. Жалғас Жұмағұлов жеңіл салмақтағы Fight Nights Global атағын 2018 жылы Тагир Уланбековпен болған кездесуде жеңіп алды. Алайда, судьялардың шешімі ол кезде үлкен дау тудырды. Ол кездесу Қазақстан астанасында өткен болатын.

Айта кетейік, жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұловқа тиесілі Fight Nights Global белдігіне таласатын ресейлік спортшы Багаутдинов титулды жекпе-жек өткізу үшін Қазақстанға келуден бас тартты, ол қазақстандық судьяларды әділ шешім шығармайды деп есептейді.

inform.kz

 

 

Алдыңғы жазбаҚырғызстан елдің қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысына іздеу жариялады
Келесі жазбаФранцияда орман өртеніп, 2,7 мың турист эвакуацияланды