«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Ақпаратты Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты растады.
«Сот шешімі бойынша, Д.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін БАҚ-та «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.