Home Жаңалықтар Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін

46

Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шпекбаевтың айтауынша, мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданған.  «Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады», – деді ол. Шпекбаев сыйақы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгеге жететінін айтты.

Алдыңғы жазбаҚазақстанның валюта айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертті
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев РФ Премьер-Министрі Михаил Мишустинді қабылдады