Home Жаңалықтар Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

52

«Қазгидромет» РМК 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Кей жерлерінде тұман, жел күшеюі, найзағай сақталады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. түнде және таңертен тұман, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с болады. Түнде және таңертен Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде шанды дауылмен саққан жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде  найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Қарағанды  облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде шанды дауылмен соққан жел 15-20 м/с соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

inform.kz

Алдыңғы жазбаЖасыл-желек денсаулықтың кепілі
Келесі жазбаЕркін күрестен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын алды