Home Жаңалықтар Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады — министр...

Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады — министр — Жылжымайтын мүлік

288

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жастары айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде үш жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюды ұсынамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңге болады», — деді министр.

Кәлетаевтың айтуынша, пәтерлер салынып жатқанда әкімдік өкілдері пәтерді жастарға жалға беру үшін оны «нарықтан» сатып алады.

«Осы санаттағы пәтерлерге үміткерлердің параметрлерін дайындадық. Бірінші талап — 29 жасқа дейінгі жастар. Екіншісі — жалға алатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Берілетін пәтерлердің аумағы 40-50 шаршы метр болады деп болжанып отыр», — деді Дархан Кәлетаев.

Еске салайық, мұның алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялай отырып, жұмыс істейтін жастардың өз баспанасы болуы тиіс екенін айтқан еді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында тапсырма берді — Ел жаңалықтары
Келесі жазба20 миллиондық үй: Павлодар облысында ауыл әкімдігі мәлімдеме жасады — Ел жаңалықтары